"Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Мирас" бөбекжайы" МКҚК
ГККП "Ясли-сад "Мирас" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области".

Мы в соц.сетях

    

Список организаций

Галерея

Смотреть все>>>

Организованная деятельность

Ұйымдастырылған іс-әрекет : Математика негіздері

Тақырыбы: Математикалық ойындар

Мақсаты:  Геометриялық пішіндерді танып,ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санау түсініктерін қалыптастыру, сандарды тура және кері санау. Логикалық ойын арқылы балалардың қиялын, ой – өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойынның шартын сақтап ойнауға ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, шапшаң болуға тәрбиелеу.

 

  1. Балалармен амандасу
  2. Балалардан жыл мезгілін, күз айында неше ай барын,апталарды сұрау.
  3. Балаларға жұмбақ жасыру

Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек

Менің атым(дөңгелек)

 

Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме

Бірден білер құлақ асқан сөзіме(үшбұрыш)

 

Балалар сендер екі командаға бөлініп отырыңдар, ол үшін менің қолымдағы конверттін ішінде пішіндер бар, соны біртіндеп алып, кімге қандай пішін түссе, үстел үстіндегі пішінге қарап сол жерге барып отырыңдар жарайма!Балалар дөңгелек пен үшбұрыш қойылған үстелдерге екі команда болып отырады.

 

  1. Балалар тақтадағы пішіндерді атап шығады, оның арасында төртбұрыш пішіні болмайды. Балалардан қандай бұрыш жоқ деп сұрау.

Балалар төртбұрыштың жоқ екенін айтады.

 

Есік қағылып қонаққа төртбұрыш ұстаған апай келеді. Балалалармен амандасып қонаққа келгенін айтады.

 

  1. Ойын : «Қарама-қарсы сөздер»

Шарты: балалар дөңгеленіп тұрады, апайыкеңістікке байланысты сөздер айтып допты балаға береді бала оған қарама-қарсы сөз айтады.

Мысалы: Биік-аласа, жоғары- төмен, ұзын- қысқа, оң жақ- сол жақ т.б

Қайталау 1-10 тура және кері санау

  1. Ойын: «Кубиктегі нүктелер» деп аталады.

Шарты: Кубиктегі нүктені санап, соған сәйкес санды табу.

 

  1. Ойын: «Додекаэдр»

Шарты: додекаэдр бетіндегі сұрақтарға балалар жауап береді.

 

  1. Команда ойыны

1 команда: затпен санды сәйкестендіру ойынын ойнайды

2 команда: құмның бетіне іздер салады.

 

  1.  Ойын: «Қағып алу»

Шарты: екі командадан бір-бірден бала шығып қартоннан жасалынған қолдың саусақтарын санап, соған сәйкес санды тауып апарып қояды, кім санды  тез жинаса сол команда ұтады.

 

  1.  Ойын: «Кегли»

Шарты: Кеглилерде сандар жапсырылады, оны доппен атып түсіреді және сол санды тауып қояды.

 

  1.  « Көңілді стакандар» музыкалық ойын

    

Қорытынды: Балалар, сендерге ойындар ұнады ма?  Жарайсыңдар!

Ендеше қонақтармен қоштасайық, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 



Текст